Алғашқы 3 кездесудің қорытынды бойынша қазір Алматы («Жетісу») мен Қарағанды облыстарының («Қарағанды») спортшылары ғана жеңілссіз келе жатыр. Жетісулықтар Павлодар облысының «Ертіс-Қазхром» мен алаң қожайындарының «Астана» командаларын 3:0 есебімен ұтты. Ал қарағандылықтар алматылықтар («Алматы») мен өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 3:1, теміртаулықтарды («Металлург АМТ») 3:2 есебімен ұтты. Бүгін енді жеңіліссіз келе жатқан екі команданың арасындағы жеңімпаз белгілі болады. Онда қарағандылықтарға қарағанда жетісулықтардың мүмкіндігі мол. Өткен маусымда ел чемпионы атанған Алматы облысының волейболшылары биылғы жылды сәтті бастады. Бүгін сондай-ақ «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен «Алматы», «Ертіс-Қазхром» пен «Астана» командалары да өзара күш сынасады.