Талдықорғанда конькидені «Көңілді старттар» өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда конькидені «Көңілді старттар» өтті

Талдықорғанда конькидені «Көңілді старттар» өтті

Таңертеңгі аязға қарамастан талдықорғандық оқушылар допты хоккей мен «Көңілді старттарда» жарысу үшін «Самал» мұз айдынында жиналды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Қаңтар 2012
  • 412
Фото - Caravan.kz

Облыс орталығының он екі мектебінің жоғарғы сынып оқушылары өздерінің белсенділігін танытты. Олар жастар үшін спортпен айналысу өміріндегі маңызды сәттердің біріне айналуы тиіс деп санайды. Бұл жарыстың әрбір қатысушысы басты байлық — денсаулық екенін жақсы біледі.

Бірінші болып мұзға № 12 және дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 20 лицейдің топтары шықты. Жас хоккейшілердің ойыны қызықты, әсерлі болды. Суық күн райына қарамастан, ұлдар қызыға ойнады. Олар үшін бұл сәтте ойынның процесі маңыздырақ болды, бірінші кезеңде ойын 3:2 есебімен № 12 ОМ тобының жеңісімен аяқталды.

Жарыс қорытындысы бойынша № 12 ОМ тобы жеңімпаз атанды. Екінші орынды № 5 мектеп оқушылары иеленсе, № 20 ДБМЛ тобы үшінші орынға лайық деп танылды. Ең үздік ойыншы — № 12 ОМ оқушысы Илья Анисимов болды.

Бұл күні конькидегі «Көңілді старттар» да өтті. Оларға қатысу үшін сегіз топ жазылды, олардың құрамында — 6-7 сынып оқушылары болған. Ойын үш кезеңмен өтті: «пойыз», «тіркеме» және «шорт-трек». Нәтижесінде № 14 ОМ-нің оқушылары жеңімпаз атанса, № 13 мектеп хоккейшілері — екінші, № 7 ОМ-нің тобы — үшінші орындардан көрінді.

Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді.

Оқушылардың бос уақыттарын Алматы облысы бойынша жастар саясаты орталығы ұйымдастырды. Жас буын арасында салауатты өмір салтын насихаттау — оның қызметінің басты міндеті. Орталық қызметкерлері түрлі спорттық жарыстарды үнемі жүргізіп отыруды жоспарлап отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера