Алматыда аяқдоптан қалалық қысқы біріншіліктің алғашқы 2 туры аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда аяқдоптан қалалық қысқы біріншіліктің алғашқы 2 туры аяқталды

Алматыда аяқдоптан қалалық қысқы біріншіліктің алғашқы 2 туры аяқталды

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен "Қайрат" футбол клубы стадиондарында аяқдоптан қалалық қысқы біріншіліктің 1-інші, 2-нші тур ойындары аяқталды.

  • 19 Қаңтар 2012
  • 459
Фото - Caravan.kz

Оған 14 команда қатысты. 2 топқа бөлініп, өзара сайысқа түсіп жатқан олардың арасынан «А» тобында «Райымбек» пен «Сұңқар» (қосалқы), «В» тобында «Алматытелеком», «Ақ бұлақ», «Регион-Систем» жеңіліссіз келе жатыр. Ең үлкен есеп «Райымбек» пен «Сұңқар» (7:0), «Сұңқар-94» мен «Бруск» (0:4) арасында тіркелді. Ал «Ақ бұлақ» пен «Алматытелеком» арасындағы кездесуде есеп ашылмады.

14 қаңтарда жалауы көтерілген бұл дүбірлі дода 11 ақпанға дейін созылады. Онда іріктеу кезеңіндегі 3-інші, 4-інші тур — 21-22 қаңтарда, 5-інші, 6-ншы тур — 28-29 қаңтарда, ал 7-нші тур 4 ақпанда болады. Біріншіліктің жартылай финалы 5 ақпанда басталып, 11 ақпанда ақтық сайыстары өтеді.