Жетісулық волейболшы қыздар ел чемпионатының 3-турында да жеңіліссіз келе жатқан жалғыз команда болып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетісулық волейболшы қыздар ел чемпионатының 3-турында да жеңіліссіз келе жатқан жалғыз команда болып отыр

Жетісулық волейболшы қыздар ел чемпионатының 3-турында да жеңіліссіз келе жатқан жалғыз команда болып отыр

Волейболдан Астанада Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында өтіп жатқан ХХ Қазақстан чемпионатының 3-турында да жетісулықтар әр ойында ең жоғары ұпайға ие болуда.

  • 20 Қаңтар 2012
  • 316
Фото - Caravan.kz


Алматы облысының волейболшылары кеше алматылықтар («Алматы») мен өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 3:1, ал теміртаулықтардан («Металлург АМТ») 3:2 есебімен басым түскен Қарағанды облысындағы («Қарағанды») қарсыластарын 3:0 есебімен ұтты. Соның нәтижесінде олар қазір ел чемпионатында жеңіліссіз келе жатқан жалғыз команда болып отыр. Қазіргі таңда «Жетісуда» — 45, «Астанада» — 34, «Ертіс-Қазхромда» — 29, «Қарағандыда» — 22, «Алматыда» — 16, «Металлург АМТ» — 10, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыста» 6 ұпай бар. Үшінші турда тек «Жетісуға» есе жіберген астаналықтар өзге 3 кездесуде 9 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Оларға өз орнын босатқан павлодарлықтар бұл жолы 3 кездесуден кейін қоржындарына 3 ұпай ғана қосты. Ал қарағандылықтар -8, алматылықтар — 6, темітаулықтар 1 ұпай жинаса, өскемендіктер барлық кездесуде жеңіліс тапты. Бұл сында бүгін олар енді теміртаулықтармен ұпай бөлісуге бар күшін жұмсамақ. Өйткені 22 қаңтардағы ақтық кездесуде жетісулықтардан ұпай алу «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» үшін өте қиын болмақ.