Бокс: «Астана арландары» «Банкок пілдерінен» басым түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокс: «Астана арландары» «Банкок пілдерінен» басым түсті

Бокс: «Астана арландары» «Банкок пілдерінен» басым түсті

Өткен сенбі, қаңтардың 21-і күні Тайландта болған кезекті жекпе-жекте «Астана арландары» «Банкок пілдері» боксшыларын 3:2 есебімен тізе бүктірді.

  • 23 Қаңтар 2012
  • 369
Фото - Caravan.kz

Осы жолғы турнир 61 келі салмақтан басталды. Бұл жекпе-жекте Әділет Егізбеков Вуттичай Масуктан ұпай жағынан ұтылып қалды. Ал 85 келі бойынша шыққан қазақстандық Данияр Үстембаев Криангкай Сукхум атты тайландтық боксшыны жеңді. Біздің легионер Шуаиб Булудинатс (91 келі) та өз жанкүйерлерін жерге қаратқан жоқ. Ол Блайз Иепмоу Мендоуодан ұпай жағынан басым түсті. «Арландық» Рафикжон Сұлтонов (54 келі) Дончай Тхатхиге есе жіберіп қойса, шешуші жекпе-жекте Мирас Байырханов (73 келі) Ситичай Сумфауронды екінші рауандта нокдаунға жіберді. Есеп 3:2.

Енді, ақпанның 3-і күні «Астана арландары» өзінің негізгі қарсыласы Италияның «Milano Thunder» құрамасымен кездеседі. Жекпе-жектер Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Айта кетейік, қазіргі кезде «А» тобында «Milano Thunder» боксшылары бірінші орында келеді. Бұған дейін «Астана арландары» ол командадан ұтылып қалған еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера