Волейбол: Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 3-туры аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейбол: Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 3-туры аяқталды

Волейбол: Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 3-туры аяқталды

Астанада 15-22 қаңтар күндері волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 3-тур ойындары өтті.

  • 23 Қаңтар 2012
  • 498
Фото - Caravan.kz


Онда ұпай қорын 54-ке дейін жеткізген Алматы облысының «Жетісу» командасы турнир кестесіндегі көшбасшылық тізгінді өз қолына берік ұстауда. Ал өз алаңында Павлодар облысының «Ертіс-Қазхром» командасын қуып жетіп, басып озған «Астана» волейболшылары 39-ұпаймен екінші орынға шықты. Олардың ұпай айырмашылығы 7 ұпайды құрауда. Ал өзге командалардың қоржынында Қарағанды облысының («Қарағанды») волейболшыларында — 25, алматылықтарда («Алматы») -20, теміртаулықтарда («МеталлургАМТ») -13, өскемендіктерде («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») — 6 ұпай бар. Ел чемпионатының 4-турын енді павлодарлықтар 20-27 ақпанда өз алаңында қабылдайды.