«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметіне қарағанда, қос боксшының промоутерлері ортақ келісімге келе алмады. Головкиннің менеджері Олег Герман жағдайды былай түсіндірді: «нЖикаммен көп уақыт бойы келісімсөз жүргізіп, шаршы алаңда кездесуге шақырдық. Ақыры Данецкідегі WBA конвенциясында Хасанның промоутері Генадиймен жекпе-жек өткізуден бас тартты»,-деді ол.
«Алдағы уақытта Штурммен (Феликс Штурм, неміс боксері, WBA тұжырымы бойынша суперчемпион.) кездесу өткізбекпіз. Келесі жеті осы мәселеге арналады. Жекпе-жек 13 сәуірде Германияда болмақ. Феликс Генадиймен кездеспеу үшін түрлі амалдар іздеуі мүмкін»,-дейді О. Герман.
Естеріңізге сала кетсек, Г. Головкин соңғы жекпе-жегін Лахуан Саймонмен өткізіп, американдық қарсыласын 3-інші раундта сұлатып түсірді.