Жины 9 ақпанға дейін созылмақ. Бас бапкер Олег Протасов командаға бұл жолы қосалқы құрамнан жартылай қорғаушы Ринат Хайруллинді және қорғаушылар Дмитрий Каминский мен Павел Халезовты қосып отыр. Онда алғашқы жиынға қатысқандардан — Қайрат Нұрдаулетов, Мұхтар Мұхтаров, Марат Шахметов, Ұлан Қонысбаев, Таңат Нөсербаев, Ненад Эрич, Алексей Белкин, Александр Коночкин, Марк Гурман, Михаил Рожков, Виктор Дмитренко, Пиралы Алиев, Душан Петрониевич, Сергей Гридин мен Сергей Остапенко болады. Ал қақпашы Денис Овсянников, қорғаушы Дамир Даутов, жартылай қорғаушы Исламбек Қуат пен шабуылшы Денис Прокопенко олардың қатарына Санкт-Петерборда өтіп жатқан «Достастық елдері» кубогы турнирі біткен соң 31 қаңтарда қосылмақ.