Бұл тартысты додада сібірліктер оқтын-оқтын шабуыл жасағанымен елордалықтар оларға ырық бермеді. «Барыс» хокейшілері ойынның үш кезеңінің нәтижесі бойынша айқын басымдық көрсетті, ал қарсыластар есеп ашуға қауқарсыз болды. Сонымен, осы кездесу 0:5 есебімен астаналықтардың жеңісімен аяқталды.
Ағымдағы ойын маусымында қарсыластар төрт рет кездесіп, оның екеуінде «Сібір» жеңіске жетті.
ҚХЛ-дың турнирлік кестесінде екі команданың арасындағы ұпай айырмашылығы 22-ге жетіп отыр. Яғни, бүгінде «Барыс» 73 ұпайымен Шығыс конференциясында 5-ші орында, ал «Сібір» 11 орынға тұрақтады.
Айта кетейік, «Барыстың» бұдан кейінгі кездесуі 28 қаңтарда сырт айдында, яғни Новокузнецк қаласында «Металлург НК» командасымен болады.