Тараздық аяқдопшылар Түркияда Румыния чемпионатының көшбасшысынан 1:0 есебімен басым түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздық аяқдопшылар Түркияда Румыния чемпионатының көшбасшысынан 1:0 есебімен басым түсті

Тараздық аяқдопшылар Түркияда Румыния чемпионатының көшбасшысынан 1:0 есебімен басым түсті

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Тараз" футбол клубы кеше Бухарестің "Динамосымен" кездесіп, 1:0 есебімен басым түсті.

  • 27 Қаңтар 2012
  • 353
Фото - Caravan.kz


Бұл Румыния чемпионатының көшбасшысы үшін оқу-жаттығы жиынындағы алғашқы, ал тараздықтар үшін үшінші жолдастық кездесуі болатын. Олар бұған дейін 22 қаңтарда Нальчиктің «Спартак» командасымен 1:1 есебімен тең түсіп, 21 қаңтарда Әзірбайжанның Агдам қаласының «Қарабах» командасын 1:0 есебімен ұтқан болатын. Тараздықтардың Түркиядағы бұл жиыны 8 қаңтарда басталған еді. Бас бапкер Любомир Петрович оған 22 спортшыны шақырған болатын. Сербиялық маман бұған дейін командада байқауда жүргендердің арасынан 2 бразилиялық және 1 португалиялық аяқдопшыны мерзімінен бұрын еліне қайтарған еді.