Допты хоккейден Әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы сәтті бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккейден Әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы сәтті бастады

Допты хоккейден Әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы сәтті бастады

Бүгін допты хоккейден Алматыда өтіп жатқан 32-ші Әлем чемпионатында «А» тобындағы командалары 2-матчтарын,

  • 30 Қаңтар 2012
  • 384
Фото - Caravan.kz


ал «В» тобындағы командалар алғашқы кездесулерін өткізеді. Онда «А» тобынан Ресей мен Финляндия, Норвегия мен Швеция, АҚШ пен Қазақстан, «В» тобынан Латвия мен Нидерланды, Беларусь пен Венгрия құрамалары өзара сайысқа түседі. Ал «С» тобындағы командалардың ойыны Жапония мен Эстония арасындағы кездесумен басталады. Кеше алғашқы матчта шведтер финдерді 12:0, орыстар американдықтарды 19:3, қазақтар норвектерді 10:1 есебімен ұтып, алғашқы 2 ұпайларын өз қоржындарына салған болатын. Жалпы бұл дүбірлі додада «А» тобында — Швеция, Ресей, Финляндия, Қазақстан, Норвегия, АҚШ, «В» тобында Нидерланды, Венгрия, Канада, Беларусь, Латвия, Моңғолия, «С» тобында Жапония, Қырғызстан, Украина, Литва, Эстония командалары өнер көрсетпек. Жарыстың ақтық сайыстары 5-ақпанда болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера