Қызылордада бильярдтан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада бильярдтан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

Қызылордада бильярдтан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

Биыл 35-мәрте жалауын көтерген дәстүрлі додаға еліміздің әр қиырынан жиналған 11 команданың 84 бильярдшысы күш сынасты.

  • 30 Қаңтар 2012
  • 358
Фото - Caravan.kz

Біріншілікті өткізуге ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, ҚР бильярд спорты федерациясы, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық бильярд спорты федерациясы ұйытқы болды. Сайыстар «Селена Star» мен «Сыр арасан» кешендерінде ұйымдастырылып, финалдық айқастар «Кең дала» кешенінде өткізілді.

Жарыс көрігін ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, 3 дүркін әлем чемпионы, Азия, Еуропа чемпионы, бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы Қаныбек Сағындықов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы Ернар Шымбаев, ҚР спорт шебері, жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионы Әлібек Омаров, ҚР спорт шебері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Дәурен Орынбаев, ҚР спорт шебері, Қазақстан чемпионы Арби Муциев, ҚР спорт шебері, «құрастырмалы пирамида» түрінен Қазақстан чемпионы Қуаныш Аббасов сынды танымал ойыншылар қыздыра түсті.

Біріншілікте ақтөбелік Азат Түменов чемпион атанды. Ал алматылық Ернар Шымбаев екінші орынды жеңп алса, қарағандылық Дмитрий Григорьев пен алматылық Қаныбек Сағындықов үшінші орынды бөлісті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера