Қарағандылық аяқдопшылар Анталияда Тбилисидің "Гагра" командасымен жолдастық кездесу өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық аяқдопшылар Анталияда Тбилисидің "Гагра" командасымен жолдастық кездесу өткізеді

Қарағандылық аяқдопшылар Анталияда Тбилисидің "Гагра" командасымен жолдастық кездесу өткізеді

Анталияда кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізетін Қарағандының «Шахтеры» 3 ақпанда Грузияның «Гагра» командасымен жолдастық кездесу өткізбек.

  • 31 Қаңтар 2012
  • 473
Фото - Caravan.kz

2004 жылы Тбилисиде құрылған «Гагра», 2010-2011 жылдардағы маусымда Бірінші лигада үздік шығып, былтыр Грузия чемпионатының жоғарғы дивизионында өнер көрсеткен болатын. Анатолий Писковец жаттықтыратын бұл команда Грузия чемпионатында 8-інші орын алып, былтыр ел кубогының иегері атанған еді.

Қарағандылықтар келесі кездесулерін 8 ақпанда поляктардың «Гурник», 10 ақпанда өзбектердің «Бунёдкора», 14 ақпанда украиндердің «Севастополь» командаларымен өткізбек. Миржалол Касымов жаттықтыратын ташкенттік аяқдопшылар Өзбекстанның жоғары лигасында өнер көрсетеді. БАӘ-нен 28 қаңтарда оралған олар, өткен аптада «Dubai Matchworld Cup 2012» халықаралық турнирінде 3-інші орын алған болатын. Ал Польшаның «Гурник» пен Украинаның «Севостополь» командалары Бірінші лигада ойнайтын командалар.

Виктор Кумыков жаттықтыратын қарағандылықтар бұған дейін Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын 5-25 қаңтар күндері Сиде қаласында өткізген еді. Онда соңғы кездесуін Анталияда Запарожье қаласының «Металлург» командасымен өткізіп 2:0 есебімен басым түскен болатын. Алдыңғы жылы Украинаның Бірінші лигасынан түсіп қалған бұл команда 21 турдан кейін онда көш бастап келе жатыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера