«Астананың» қосалқы құрамы Өзбекстанның «Қарасай» футбол клубын 5:0 есебімен ойсырата ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астананың» қосалқы құрамы Өзбекстанның «Қарасай» футбол клубын 5:0 есебімен ойсырата ұтты

«Астананың» қосалқы құрамы Өзбекстанның «Қарасай» футбол клубын 5:0 есебімен ойсырата ұтты

Бүгін футболдан Тәшкентте оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астананың» қосалқы құрамы Өзбекстанның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Қарасай» клубымен жолдастық кездесу өткізді.

  • 1 Ақпан 2012
  • 456
Фото - Caravan.kz

Онда Владимир Глевич жаттықтыратын астаналықтар тәшкенттік аяқдопшыларды 5:0 есебімен жеңді. Бұл ойында қарсыластар қақпасына шабуылдаған Тимур Бахридин 2 рет, ал қорғаушы Ербол Мұсабеков пен Радмир Муксинов және шабуылшы Джаба Джамаришвили бір-бір рет мергендігімен көзге түсті.

«Астана» клубының 20 қаңтарда басталған бұл жиыны 5 ақпанға дейін созылмақ.Олар келесі ойынын енді 3 ақпанда қазақстандық «Тараз» футбол клубының қосалқы құрамымен өткізбек.