Олар бас жүлдеден басты үміткер саналатын Швеция спортшыларына 1:9 есебімен есе жіберді. Соның нәтижесінде «А» тобында 4 ұпаймен 2-ден 3-орынға сырғыды. 1-2 орында 6 ұпаймен АҚШ пен Швеция келе жатыр. Ал Қазақстанда — 4 ұпай болса, АҚШ пен Норвегия қоржыны әзірге бос.
Бүгін енді «А» тобындағы командалардан Финляндия мен Норвегия, Ресей мен Қазақстан, АҚШ пен Швеция өзара күш сынасады. Ресейліктер өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы екенін ескерсек, бұл ойын да отандастарымыз үшін өте қиын матч болмақ. Ертең іріктеу сынының соңғы кездесуін енді американдықтар норвегиялықтармен, қазақтар финдермен, шведтер орыстармен өткізеді.