Оралда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 4-інші туры өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 4-інші туры өтеді

Оралда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 4-інші туры өтеді

Оралда 7-12 ақпан күндері волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 4-інші тур ойындары өтеді.

  • 2 Ақпан 2012
  • 369
Фото - Caravan.kz

Алғашқы 3 турда «Алматы» 40 ұпаймен көш тізгінін ешкімге бермеген еді. Оларды өкшелеп келе жатқан Хромтаудың «ТНК Қазхром» командасының 7 ұпайы кем. Өскемендіктер («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 25 ұпаймен 3-інші орында келе жатыр. Ал атыраулықтарда («Атырау») — 17, Орал («Конденсат») мен Қызылжар («Есіл» ) волейболшыларында 10 ұпайдан ғана бар.

Төртінші тур Хромтау мен Қызылжар, Өскемен мен Атырау, Алматы мен Орал спортшылыарының ойындарымен басталады. 12-17 қаңтарда Өскеменде өткен сында өз қоржынына «Алматы» мен «ТНК Қазхром» — 12, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» — 9, «Конденсат» — 7, «Атырау» — 5, ал «Есіл» бірде-бір ұпай қоса алмаған еді. 2011 жылдың 9-16 қарашасында Алматыда өткен бірінші тур ойынында алматылықтар — 13, хромтаулықтар — 12, өскемендіктер — 7, атыраулықтар — 6, қызылжарлықтар — 4, оралдықтар — 3 ұпай жинаған еді. Ал 5-12 желтоқсанда Қызылжардағы екінші турдан оралдықтардың қоржыны бос қайтты.