Дмитрий Огай жаттықтыратын алматылықтар бұл ойында қарсыластарын 2:1 есебмен ұтты. Есепті кездесудің 16-минутында Руслан Сақалбаев ашып, арада 21 минут өткенде байқауда жүрген түркиялық легионер Бурак Акйылдыз одан ары ұлғайтқан еді. Черноргориялықтар оған 2-таймда ғана (72-минутта) 1 доппен жауап бере алды. Бұл команда өткен маусымда Черногория чемпионатында Бірінші лигада төртінші орын алған болатын. Биыл Бірінші лигаға қайта түсіп қала жаздаған «Қайрат» клубы Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің шешімімен ғана жаңа маусымда Премьер-лигаға қайта оралған болатын. Енді алматылық аяқдопшылардың келесі жолдастық кездесуі 5 ақпанда Грузияның «Дела Гори» командасымен болады.