Ақерке Ұшақова әйелдер арасынан бильярдтың “Құрастырмалы пирамида” түрінен Қазақстан чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақерке Ұшақова әйелдер арасынан бильярдтың “Құрастырмалы пирамида” түрінен Қазақстан чемпионы атанды

Ақерке Ұшақова әйелдер арасынан бильярдтың “Құрастырмалы пирамида” түрінен Қазақстан чемпионы атанды

Алматыда 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында бильярдтың "Құрастырмалы пирамида" түрінен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

  • 4 Ақпан 2012
  • 569
Фото - Caravan.kz

Онда астаналық Ақерке Ұшақова чемпион атанды.

25 жастағы астаналық ақтық сында 1984 жылы туған қызылордалық спорт шебері Салтанат Махановадан басым түсті. Ал 3-інші, 4-інші орындарды спорт шеберлігінен үміткер 22 жастағы алматылық Жұлдыз Жанәбілова мен 21 жастағы Тоқжан Бабаева сәйкесінше иеленді. Үздік ондыққа, сондай-ақ астаналық Дарья Лигай мен алматылық Әнел Бекбосынова (1990 ж.), қостанайлық Каристина Карпова (1988ж.), павлодарлық Кристина Карпович (1981ж.), алматылық Бақыт Әбілпейісова (1975 ж.) және павлодарлық Мария Драганова (1986 ж.) енді.