Қазақстан құрамасы жартылай финалда швециялықтарға айып добын соғу кезінде 5:6 есебімен есе жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрамасы жартылай финалда швециялықтарға айып добын соғу кезінде 5:6 есебімен есе жіберді

Қазақстан құрамасы жартылай финалда швециялықтарға айып добын соғу кезінде 5:6 есебімен есе жіберді

Өткен сенбіде Алматыда өтіп жатқан 32-Әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық жігіттер швециялық құрдастарымен ойынның негізгі уақытында 4:4 есебімен тең түсті.

  • 6 Ақпан 2012
  • 528
Фото - Caravan.kz

Одан кейін бұл есепті қосымша уақытта ешкім өзгерте алмағандықтан, ойын тағдыры 12 метрлік айып добын соғу арқылы шешілді. Онда 6:5 есебімен қонақтардың мерейі үстем болды.

Алексей Никишев жаттықтыратын ұлттық құрама топтық сында Швеция мен Ресейден кейін 3-орынға табан тіреген болатын. Олар шведтерге 1:9, орыстарға 6:8 боп жеңілгенімен, американдықтарды 13:3, норвектерді 10:1, финдерді 10:4 етіп жеңді. Енді ертең қола жүлде үшін финдермен қайта кездесетін болды. Финдер жартылай сында орыстарға 4:6 есебімен ұтылған еді.