«Астана» мен «Академия УТМ» командалары арасындағы жолдастық кездесу 1:3 есебімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» мен «Академия УТМ» командалары арасындағы жолдастық кездесу 1:3 есебімен аяқталды

«Астана» мен «Академия УТМ» командалары арасындағы жолдастық кездесу 1:3 есебімен аяқталды

Анталияда кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан астаналық футболшылар 4 ақпанда Кишиневтің «Академия УТМ» клубымен жолдастық кездесу өткізді.

  • 6 Ақпан 2012
  • 438
Фото - Caravan.kz


Олег Протасов жаттықтыратын «Астана» онда молдовалық қарсыластарынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Матчта қазақстандық аяқдопшылардың Бас бапкері Санкт-Петербордағы достастық кубогынан кейін құрамаға келіп қосылған қорғаушы Дамир Даутов, жартылай қорғаушы Исламбек Қуат пен шабуылшы Денис Прокопенконың ойынын алғаш рет бағалауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ байқауда жүрген олардың жастар құрамасындағы серіктестері Евгений Горячий мен Абзал Бейсебековтің және легионерлер Милисавлевич пен Эмиль Дикэнің де шеберлігін сынап көрді. Астаналықар енді 8 ақпанда Чехияның «Баник» клубымен кездеспек. Олардың бұл жолғы қарсыласы бірнеше дүркін ел чемпионы және кубог иегері болған Чехияның ең азулы командаларының бірі саналады.