Қазақстандық бильярдшылар Татарстан Президенті кубогы үшін халықаралық турнирден шақырту алды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық бильярдшылар Татарстан Президенті кубогы үшін халықаралық турнирден шақырту алды

Қазақстандық бильярдшылар Татарстан Президенті кубогы үшін халықаралық турнирден шақырту алды

Қазан қаласында 16-17 ақпан күндері бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Татарстан Президентінің кубогы үшін ерлер арасында халықаралық турнир болады.

  • 6 Ақпан 2012
  • 391
Фото - Caravan.kz

Оны «Пирамида» бойынша халықаралық комитеттің қолдауымен Татарстанның бильярд спорты федерациясы ұйымдастырып отыр. 15 ақпанда жеребесі тартылатын жарысқа халықаралық дәрежедегі төреші Александр Кокунин бастаған қазылар алқасы төрелік жасайды. Оған Ресейден — 7, Қазақстан мен Украинадан үш-үштен, АҚШ, Армения, Белорус пен Қырғызстаннан бір-бірден спортшы шақырып отыр. Бұл бәсекеде ел намысын Әуез Елубаев, Ернар Шымбаев пен Қаныбек Сағындықовтар қорғамақ.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрап отыр. Онда ақтық сынның жеңімпазына — 11 500, финалшыға 8500, 3-4 орын алғандарға 6 мыңнан, ал 5-16 орын алғандарға 1500 доллардан қаржылай жүлде беріледі. Оған Ресейден — Сергей Горысловец, Никита Ливада, Павел Меховов, Евгений Сталев, Юрий Пащинский, Руслан Чинахов, Илья Киричков, Украинадан Александр Паламарь, Ярослав Тарновецкий, Ярослав Винокур, Беларустен — Евгений Курта, Қырғызстаннан Қаныбек Сағынбаев, Армениядан Арман Баклачян, АҚШ-тан Джонс Дитер қатыспақ.