Павлодар педагогикалық институтының спортшылары еркін күрестен ел чемпионатында табысты болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар педагогикалық институтының спортшылары еркін күрестен ел чемпионатында табысты болды

Павлодар педагогикалық институтының спортшылары еркін күрестен ел чемпионатында табысты болды

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының спортшылары ҚР-ның жастар арасындағы еркін күрес бойынша чемпионатынан медальдармен оралды,

  • 7 Ақпан 2012
  • 441
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Өскемен қаласында 31 қаңтардан 3 ақпанға дейін жалғасқан сайысқа Қазақстанның 50 келіден 120 келіге дейін салмақ санаттарындағы үш жүз жас палуанар жиналды.

Павлодарлық команданың қоржынында — Аймангүл Төлеухан жеңіп алған алтын және Мәмед Ибрагимов пен Әбдіманап Байкенжиев иеленген күміс медальдар бар.

ПМПИ спорт клубының тәрбиеленушілері Айжан Сұрымбаев, Ержан Боранбаев, Галина Труш және Айнұр Досмағұлова сегіз салмақ санаты бойынша үшінші орыннан көрінді.

Бәсеке ПМПИ спортшыларына азиялық және әлемдік жарыстарға дайындалу үшін тамаша алаңқайға айналды, деп атап өтті құраманың жетекшілері.

Жеңіп алған жүлделі орындар жоғары оқу орнының спортшыларына Азия (Қазақстан), әлем (Тайланд) және Әлем кубогы чемпионаттарына қатысуға мүмкіндік беріп отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера