Сергей Масленов жаттықтыратын қостанайлықтар 3 ақпанда Чехияның Градец-Кралове қаласының «Градец-Крылова» командасын ұтқан болатын. Онда алдымен ойынның екінші жартысында Бауыржан Жолшиев есеп ашты. 11 метрлік айып добын мүлт жібермеген Менсур Куртиши оны 2:0-ге жеткізді.
Жалпы «Тобылдың» Белектегі екінші оқу-жаттығу жиыны 31 қаңтарда басталған болатын. Ол 14 ақпанға дейін жалғаспақ. Мерзім аяқталысымен команда Қостанайға оралады.