Алматыда ақпан айында шаңғы қоссайысы бойынша Әлем кубогының қысқы кезеңі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ақпан айында шаңғы қоссайысы бойынша Әлем кубогының қысқы кезеңі өтеді

Алматыда ақпан айында шаңғы қоссайысы бойынша Әлем кубогының қысқы кезеңі өтеді

Алматыда халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде 11-12 ақпан күндері шаңғы қоссайысы бойынша Әлем кубогының қысқы кезеңі өтеді.

  • 7 Ақпан 2012
  • 595
Фото - Caravan.kz

» Алматыда өтетін Әлем кубогының қысқы кезеңіне 14 ел қатысады, олар Австрия, Германия, Норвегия, Жапония, Франция, Италия, Чехия, Швейцария, АҚШ, Словения, Эстония, Польша, Ресей, Қазақстан», делінген сейсенбіде Алматының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен таралған хабарламасында.

Онда атап өтілгендей, турнирге олимпиада чемпионы Джейсон Лами-Шаппюи (Франция), 2011/2012 Әлем кубогы маусымының жеңімпазы Магнус Крог (Норвегия), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Тино Эдельманн (Германия), командалық жарыстағы олимпиадалық чемпион Марио Штехер (Австрия) және басқа аты шыққан спортшылар қатысады.
Әлем кубогының қысқы кезеңі екі дербес түрде өтеді: кәдімгі немесе үлкен трамплиннен секіру және еркін стильде 10 шақырымға шаңғымен жарысу.
Жарысты шаңғы спортының халықаралық федерациясы (FIS) өткізуде.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера