Бурак Акйылдыз енді алматылық футбол клубының намысын жыртпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бурак Акйылдыз енді алматылық футбол клубының намысын жыртпақ

Бурак Акйылдыз енді алматылық футбол клубының намысын жыртпақ

Бүгін Түркияда өтіп жатқан екінші оқу-жаттығу жиыны кезінде «Қайрат» футбол клубы 27 жастағы түрік аяқдопшысы Бурак Акйылдызбен 1 жылға келісімшарт жасады.

  • 7 Ақпан 2012
  • 346
Фото - Caravan.kz

Өткен маусымда Бірінші лигада өнер көрсететін «Denizlispor» командасында 10 матч өткізген ол, бірде-бір рет мергендік көрсете алмаған еді.

Спорттық мансабын 1998-2006 жылдары «Göztepe SK» клубында бастаған Бурак 2006 жылы «Denizlispor» сапында өнер көрсетті. 2006-2007 жылғы маусымда «Bilecikspor» командасына жалға беріліп, онда 33 матч өткізді. Одан кейін «Marmaris Belediyerspor» командасына жалға берілген футболша, 25 матч өткізіп, 1 доп соқты. Одан кейін 2007-2011жылдары «Denizlispor» сапына қайта оралып, 49 матч өткізді. Сондай-ақ Премьер-лигада 1 рет мергендік танытты. Ал «Қайрат» сапында соңғы жиында байқауға келген Б. Акйылдыз жолдастық 4 кездесуге қатысып, 2 ақпанда Черногорияның Бірінші лигасында өткен маусымда 4-інші орын алған «Зета» командасымен болған ойында жеңіс добын соққан болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера