«Қайрат» пен «Гомель» арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайрат» пен «Гомель» арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды

«Қайрат» пен «Гомель» арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды

Кеше Түркияда кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Қайрат» футбол клубы «Гомель» командасымен жолдастық кездесу өткізді.

  • 7 Ақпан 2012
  • 340
Фото - Caravan.kz

Онда Дмитрий Огай жаттықтыратын алматылықтар былтырғы маусымдағы Беларусь чемпионатының қола жүлдегерінен 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Олег Кубарев тізгінін ұстаған гомельдіктер 2003 жылы Беларусия чемпионы, 1999 және 2011 жылдары қола жүлдегер, ал 2001/2002, 2010/2011 жылғы маусымда Беларусь кубогының иегері атанған болатын.

«Қайрат» өткен маусымда Премьер-лигадан Бірінші лигаға түсіп қалып, Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің шешіммен ғана қайта оралған еді. Олардың келесі жолдастық кездесуі 9 ақпанда өтеді. Алматылықтардың бұл жолғы қарсыласы Сербияның Бірінші лигасында өнер көрсететін Белград қаласының «Телеоптик» командасы болмақ.