Алматылық волейболшы жігіттер Ұлттық лигада ел чемпионатының 4-турын да сәтті бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық волейболшы жігіттер Ұлттық лигада ел чемпионатының 4-турын да сәтті бастады

Алматылық волейболшы жігіттер Ұлттық лигада ел чемпионатының 4-турын да сәтті бастады

Оралда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 4-туры басталды.

  • 8 Ақпан 2012
  • 409
Фото - Caravan.kz


Онда алғашқы кездесуде «Алматы» командасы жарыс қожайындарын («Конденсат») 3:1 есебімен ұтты. Мұндай нәтиже Хромтаудың «ТНК «Қазхромы» мен Қызылжардың «Есілі» арасындағы ойында та тіркелді. Ал «Атырау» мен өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» командалары арасындағы ойын 2:3 боп аяқталды. Онда алғашқы екеуі 3 ұпай олжаласа, атыраулықтармен ұпай бөліскен өскемедіктер 2 ұпай иеленді. Бұған дейінгі 3 турда алматылықтар — 40, хромтаулықтар — 33, өскемендіктер — 25, атыраулықтар — 17, оралдықтар мен қызылжарлықтар 10 ұпайдан жинаған еді. Бүгін енді «Есіл» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Алматы» мен «ТНК «Қазхром», «Конденсат» пен «Атырау» өзара шеберлік байқасуда. Жалпы 4-тур ойындары 12-ақпанда аяқталады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера