«Қайрат» футбол клубының құрамына тағы бір легионер қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайрат» футбол клубының құрамына тағы бір легионер қосылды

«Қайрат» футбол клубының құрамына тағы бір легионер қосылды

Кеше Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізген Алматының «Қайрат» футбол клубы шотландиялық Стюарт Даффенмен келісімшарт жасасты.

  • 8 Ақпан 2012
  • 398
Фото - Caravan.kz

1982 жылы Абердин қаласында өмірге келген Стюарт Даффен (жартылай қорғаушы) үлкен футболдағы мансабын 17 жасында «Данди Юнайтед» командасында бастады. 1999-2008 жылдары Шотландия Премьер-лигасында 171 матч өткізген ол, 2008-2009 жылы туған қаласына оралып «Абердин» сапында Шотландия лигасында 21 матчқа қатысты. 2009-2011 жылдары Премьер-лигада өнер көрсететін «Инвернесс» сапында 34 матч өткізген Стюарт Даффен, былтыр Екінші дивизиондағы «Эйр Юнайтед» командасына жалға берілген еді. Одан кейін, қараша айында Мальта чемпионатындағы «Корми» командасына ауысқан С.Даффен, «Қайраттың» соңғы жиынында байқауға келген болатын. 2002-2003 жылдары Шотландияның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасында 10 матчқа қатысқан қорғаушы, алматылықтардың бас бапкері Дмитрий Огайдың көңілінен шыққан сияқты

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера