Оған Армения, Әзірбайжан, Белорус, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Молдова, Ресей мен Украинадан 149 спортшы қатысуда. 6 ақпанда басталған бұл дүбірлі додада ел намысын 19 жасар спорт шеберлері алматылық Арби Муциев пен қарағандылық Әлібек Омаров қорғаған болатын.
10 ақпанға дейін созылатын жарыста Әлібек 33-64, ал Арби 65-96 орынға ғана таласуда. Кеше Әлібек төменгі кестенің 4-турында ресейлік Алексей Ладановты 5:2 есебімен ұтқанымен, 1/32 финалда украиналық Дмитрий Белозоровқа дәл осындай есеппен есе жіберді. Ал Арби 1/32 финалда ресейлік Александр Банныйға 4:0 есебімен есе жібергенімен, төменгі кестенің 3-турында оның келесі бір отандасы Виктор Дуплинскийден 4:1есебімен басым түсті.