Батыс Қазақстан әртістері Алматыда өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан әртістері Алматыда өнер көрсетеді

Батыс Қазақстан әртістері Алматыда өнер көрсетеді

9 сәуір күні Алматы қаласында Батыс Қазақстан облысының әртістері Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония залында концерт қояды.

  • 3 Сәуiр 2012
  • 550
Фото - Caravan.kz

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония директоры Марат Қалиевтің айтуынша, концертке белгілі әнші, айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, биыл алпыс жасқа толған Қатимолла Бердіғалиев, танымал домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ермек Қазиев қатысады. Сондай-ақ республикалық «Жас қанат» байқауының күміс жүлдегері, әнші Жаңылсын Хасанова, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның басқа да жас әртістері өнер көрсетеді.

Бұдан кейін батысқазақстандық әртістердің Алматы облысындағы гастрольдік сапары басталып, 23 сәуірге дейін жалғасады. Талдықорғанның өзінде жеті концерт қойылмақшы.

Сонымен қатар облыстық филармонияның әншілер Жаңылсын Хасанова, Дастан Есентеміров, Ернар Өмірәлі, домбырашы Ақылбек Бектасов сынды халықаралық, республикалық байқауларда лауреат атанған бір топ жас әртістері «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жобасына қатыспақшы.