Биыл қазақстандық 40 ескі фильм мерейтойларын атап өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл қазақстандық 40 ескі фильм мерейтойларын атап өтеді

Биыл қазақстандық 40 ескі фильм мерейтойларын атап өтеді

Үстіміздегі жылы 40-қа жуық қазақстандық ескі фильм өздерінің мерейтойларын атап өтеді,

  • 4 Сәуiр 2012
  • 556
Фото - Caravan.kz

деп хабарланды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының баспасөз қызметінен.

55 жылдық мерейтойларын Мәжит Бегалиннің «Оның уақыты келеді» фильмі мен көрермендердің көзайымына айналған Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер» туындысы атап өтсе, режиссер Әбдолла Қарсақбаевтың «Алпамыс мектепке барады» картинасы мен Эльдор Оразбаевтың «Транссібір экспресі» 35 жылдықтарын тойлайды. Сондай-ақ М. Бегалиннің «Артымызда Мәскеу» туындысына биыл 45 жыл болады.

Сондай-ақ 20-дан астам анимациялық туынды өз мерейтойларын атап өтуде. Олардың ішінде режиссер Әмен Қайдардың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» алғашқы қазақстандық мультфильмі де бар. Бұл туындының тұсаукесері 1967 жылдың қыркүйек айында өткен болатын. Мультфильм әлемнің 48 елінде көрсетілді.

Перейти к новостям спорта