«Нұр Отан» ХДП-ның қолдауымен «Гүлнәр Оразалинаның бекзат қыздардың имидж студиясы» ұйымдастырған байқаудың алғашқы кезеңіне шамамен 80 үміткер қатысса, оның тек 17-сі ғана финалға шықты.
Кішкентай ханшайымдардың ұлттық киім мен кешкі сән көйлектерін көрсету сайысы көрермендер мен қазылар алқасының қызғушылығын тудырды. Финалдық бөлім дәстүрлі түрде өтіп, «Кішкентай топ-модель ханшайымы», «Кішкентай ханшайым», «Кішкентай сұлулық ханшайымы», «Кішкентай бақыт ханшайымы» сынды аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды. Байқаудың қорытындысы бойынша екінші «Кішкентай вице-ханшайым» атағына Гүлсая Көпжасарова, бірінші «Кішкентай вице-ханшайым» атағына Бірғауым Қаражанова ие болды. Ал байқаудың бас жүлдесі Медина Әлжановаға бұйырды.