Ұйымдастырушылар — «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы, «ГринЭкспо» көрме компаниясы (Ресей, Мәскеу қаласы). Ресми қолдау — Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі, Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттігі және Астана қаласының әкімдігі. Көрме демеушісі «3D Flowers» компаниясы.
Көрмеге 33 отандық және 30-дан астам шетел компаниялары (Голландиядан, Германиядан, Кениядан, Колумбиядан, Ресейден, Эквадордан, Франциядан және Грузиядан келетін әлемдік өндіруші-фирмалар бар) қатысады. Олардың ішінде — кесілген гүлдерді жеткізушілер, жабдықтарды және жылыжайларды өндіру бойынша компаниялар, көгалдандырумен және ландшафты дизайнмен айналысатын компаниялар.
Көрме барысында көгалдандырушы-мамандарға арналған мазмұнды бағдарламаны келесі жетекші әлемдік компаниялар ұсынатын болады: «Lorberg», «Lappen Pflanzenhandel», «BRUNS- PFLANZEN — EXPORT GmbH & Co.KG» неміс тәлімбақтары, «Terracult GmbH» (Германия), «Meilland» (Франция) компаниясы, «Гавриш» компаниялар тобы (Ресей).