17-19 сәуір күндері болатын бұл форумды Жүсіпбек Елебеков атындағы эстарада және цирк колледжі ұйымдастырып отыр.
«Осы форум арқылы біз Қазақстандағы оқыту жүйесінің ерекшелігін білдік. Мемлекет жастардың білім алуына зор мүмкіндіктер жасап жатыр екен. Тәуелсіздігін алғанына 20 жыл ғана толғанына қарамастан Қазақстанның білім беру жүйесінде Испанияның үлгі алар тұстары жеткілікті. Мемлекеттің жастардың кәсіби білім алуына зор қамқорлық көрсетуі бізді қайран қалдырып отыр. Бұл форум кезінде біз цирк өнерінің өзге елдерде қалай дамып жатқанын және қандай дәрежеде келе жатқанынан хабардар болдық», — деді Италияның Милан университетінің профессоры, Италия артистер агенттігінің директоры Алессандро Серена. Оның айтуынша, мұндай форумдар өте қажет және олар дәстүрлі түрде өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болмақ. Өйткені цирк өнеріне қазір барлық елде бірдей жеткілікті деңгейде көмек көрсетіліп жатқан жоқ.