Концертті дайындау және өткізу барысында 19 млн 357 мың 200 теңге жинап алу көзделген, бұл ақша Қызылорда облыстық перинатальды орталыққа жабдық сатып алуға жұмсалмақ, деді «Аяла» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сәрсенов бейсенбіде Алматыда «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында.
«Қазақстанда қайырымдылық шараларының жанданып келе жатқандығын көрдім. Әрине, мен де атсалысамын», деді М.Бисенғалиев, оның айтуынша, концертке сондай-ақ оның жиендері скрипкашылар Әмір және Ғалия Бисенғалиевтер де қатыспақ.
«Аяла» қоры және «Сбербанк» АҚ-ның еншілес банкі «Тынысты балақай» жобасы шеңберінде ұйымдастырған концерт 2-мамыр күні Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтпек.