Аталмыш кеш 20 сәуірде «Өмір сыйла» атты қайырымдылық қорының қамқорлығымен өтті. Фильмнің бас продюсері және авторы Гүлнар Сәрсенбаева, сценарийдің авторы мен қоюшы-режиссері Ирина Мирона.
Фильмнің бас қаһарманы әлемдік музыка мәдениетінің туындыларын орындап, жеке өмірінің тәжірибесі мен классикалық туындыларды оқуға деген құштарлықпен ұштасатын, өзінің өнер жолындағы сара жолын баяндайды. Фильмде әлемдік және отандық классикалық 10 туынды, оның ішінде «Алмира», «Аве Мария», «Гауһартас», «Ақдариға» сынды ариялар орындалады.
Фильмді көруден түскен қаражат «Өмір сыйла» атты қайырымдылық қорына аударылады деп күтілуде, ол онкологиялық, гематологиялық және басқа да ауыр науқасқа шалдыққан балалардың емделуіне бағытталады.
Д. Назарбаева атап өткендей, оның барлық концерттері мен әншілік қызметі қайырымдылықпен байланысты. «Мен бұл фильмнің «Өмір сыйла» атты қайырымдылық қорына қандай да бір үлес қосатынына үмітім бар. Өз алдыма коммерциялық міндеттерді қоймаймын. Біз бұның барлығын шын ниетімізбен жасадық және де қолдау мен көмекке зәру адамдарға септігін тигізеді деген ойдамыз», — деді ол.
«Біз шамамен алдағы 3 аптада сатылымға түсетін DVD-дискілерді шығардық. Бізден бұл фильмді көпшілікке көрсетуді сұраған еді, жаппай көруге арналмағанымен кейбір кинотеатрлар опера туындыларын көрсетіп те жүр», — деді Д. Назарбаева.