Батысқазақстандық әнші республикалық байқаудан бас жүлдемен оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық әнші республикалық байқаудан бас жүлдемен оралды

Батысқазақстандық әнші республикалық байқаудан бас жүлдемен оралды

Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әншісі Ибрагим Жантулин Қызылорда қаласында өткен белгілі композитор Кеңес Дүйсекеевтің әндерін орындаушылардың

  • 27 Сәуiр 2012
  • 511
Фото - Caravan.kz

«Туған жер» атты ІІІ республикалық ән байқауынан бас жүлдемен оралды.

Облыстық филармониядан түскен мәліметке қарағанда, Ибрагим осында жұмыс жасайды әрі М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 4-курсында оқиды. Ол — бұрыннан да республикалық өнер додаларында бәйге алып жүрген әнші. Атап айтқанда, өткен жылы композитор Бейбіт Оралұлының әндерін орындаушылардың «Елім» республикалық байқауының бас жүлдегері атанса, Қарағандыда өткен «Жұлдыз» республикалық ән байқауында бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Арай-2011 республикалық жас эстрада әншілерінің байқауында екінші орынды еншілеген болатын.

Перейти к новостям спорта