Оралда Батыс аймағы суретшілерінің «Алтын қайық» сайысының көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда Батыс аймағы суретшілерінің «Алтын қайық» сайысының көрмесі ашылды

Оралда Батыс аймағы суретшілерінің «Алтын қайық» сайысының көрмесі ашылды

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Қазақстанның Батыс аймағы көркемсурет және қолөнер шеберлері «Алтын қайық» сайысының көрмесі ашылды.

  • 27 Сәуiр 2012
  • 545
Фото - Caravan.kz

Оған Қазақстанның төрт облысы кіретін Батыс аймақ суретшілері мен қолөнер шеберлерінің түрлі жанрдағы жұмыстары қойылды. Көрме 10 мамырға дейін созылмақ.

Батыс Қазақстан «Өнер» қоғамдық қорының президенті, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қуандық Мәдірдің айтуынша, бұл — аталмыш байқаудың бастапқы кезеңі. Мұндай көрмелер Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларында да ұйымдастырылады. Сайыс барысында әр облыстан ең таңдаулы жұмыстар іріктеледі. «Алтын қайық» сайысының жеңімпазы биылғы желтоқсан айында анықталады.

Перейти к новостям спорта