Есір Айшуақұлы атындағы III республикалық домбырашылар байқауы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есір Айшуақұлы атындағы III республикалық домбырашылар байқауы өтті

Есір Айшуақұлы атындағы III республикалық домбырашылар байқауы өтті

Ақтауда Есір Айшуақұлы атындағы III республикалық домбырашылар байқауы өтті.

  • 28 Сәуiр 2012
  • 679
Фото - Caravan.kz

М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармонияда өткен байқауға еліміздің 11 қаласынан 28 үміткер қатысты.

«Байқауға қатысушылардың арасынан мықтыларды анықтау бізге оңайға соққан жоқ. Кемшін тұстары да көрінді. Бірақ техникасы, орындауы, сауаттылық жағынан деңгейлері жоғары. Дегенмен, Есір Айшуақұлының, жалпы Маңғыстау күй өнерін жалғастыратын ізбасарлары өсіп келе жатқанына көңілім толды. Қазақтың күй өнері аман болса, қазақ та қазақ болып қала береді», — дейді байқау жайында пікірін білдірген домбырашы, өнер зерттеушісі, профессор Айтжан Тоқтаған.

Күй күмбірі әуелеген, жас орындаушылардың шеберлігін шыңдаған сайыста бас жүлдені маңғыстаулық Мағжан Әсенбаев жеңіп алды.

Бірінші орынды Астана қаласынан келген Таңат Сәденов пен алматылық Саят Ешматов және маңғыстаулық Салтанат Оңайбай өзара бөлісті.

Сондай-ақ екінші орынды Асылбек Дәулетияров (Ақтау), Қуат Нұрқожа (Астана), Серік Әлібеков (Атырау), Гүлдана Нұрбаева мен Ақтөре Ибрагимова (Қызылорда) өзара бөліп алды. Үшінші орынға лайық болғандар да көп болды — Шынаров Азамат (Орал), Сыдықов Нұралы (Ақтау), Төлеген Жанымханов (Семей), Азамат Елеусін (Қарағанды) және Ерболат Хайруллаев (Атырау).

Жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды.

«Негізінен Маңғыстау күйлерін орындау өте қиын. Үздіксіз еңбек пен үлкен күш жігерді талап етеді. Есір Айшуақұлының өршіл де сыршыл, асқақ та айбынды, сырлы да сазды күйлерінің ғұмыры халқымызбен бірге жасай беретініне менің еш күмәнім жоқ. Біз мұны бүгінгі тартысты өткен жарыстан байқағандаймыз. Мен үлкен дайындықтың нәтижесінде бірінші орынды иелендім. Бұл үшін өте қуаныштымын», — дейді астаналық Таңат Сәденов.

Перейти к новостям спорта