Аталмыш қойылымды Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі әрі режиссері Қуандық Қасымов сахналады. Суретшісі — Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, халық суретшісі Маратбек Шарафидин.
Сахнада Қыз Жібек бейнесін бұл жолы Жұлдыз Мәмедова шығарса, Төлеген рөлінде Ринат Сабырғалиев ойнады. Бекежан рөлінде — Бақытжан Өтеғалиев. Басқа кейіпкерлерді сомдауға театрдың Мұсағали Бектенов, Ербол Есендосов, Бибігүл Исалиева, Боранбай Молдабаев сынды белді әртістері қатысты.
Спектакльде ән мен биге көбірек мән берілген, сөзден гөрі қимыл-қозғалысқа құрылған. Режиссерлік тың шешімдерге сәйкес әйгілі кинофильмнен ерекшелеу тұстары да баршылық.