ОҚО-да Қазақстан суретшілерінің симпозиумы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да Қазақстан суретшілерінің симпозиумы өтті

ОҚО-да Қазақстан суретшілерінің симпозиумы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан суретшілерінің симпозиумы өтті.

  • 2 Мамыр 2012
  • 554
Фото - Caravan.kz

Облыстық мәдениет басқармасының мәліметіне сәйкес, симпозиумға еліміздің түкпір-түкпірінен 24 суретші қатысты. «Симпозиум бес күнге созылды, қатысушылар Шымкенттің, Қазығұрт пен Бәйдібек аудандарының саябақтары мен гүлбақтарында болып қайтты», — деді мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова.

Ол сондай-ақ симпозиумның ашылу күнінде қатысушылар ОҚО-ға 120 суретті сыйға тартқандығын айтты. Барлық жұмыстар ОҚО-ның көркемсурет галереясының қорына тапсырылды.

Симпозиумның барысында көркемсурет өнерінің шеберлері «дөңгелек үстел» өткізіп, қазіргі заманғы ҚР көркемсурет өнерінің мәселелерін талқылады. Оған қоса суретшілер Ә. Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет колледжінің студенттері үшін шеберлік сабақтарын өткізді.

Республикалық симпозиумның барлық қатысушылары ОҚО облыстық мәдениет басқармасы мен көркемсурет галереясының басшылығынан диплом мен алғысхаттар алды.

Перейти к новостям спорта