Балалар үйлерінің би ұжымдары арасында байқау өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалар үйлерінің би ұжымдары арасында байқау өтті

Балалар үйлерінің би ұжымдары арасында байқау өтті

Павлодар қаласында «Таң Шолпан» облыстық байқауы мәресіне жетті, оған балалар үйлері мен мектеп интернаттарының хореографиялық ұжымдарының 90 бишісі қатысты, деп хабарлады білім беру басқармасынан.

  • 3 Мамыр 2012
  • 605
Фото - Caravan.kz

Бас жүлдені Мичурин отбасылық үлгідегі балалар үйінің ансамблі жеңіп алды. Қазылар алқасы ұжымның ерекшелігі мен сонылығын, орындаушылық шеберлік пен сахна мәдениетінің жоғары деңгейін бағалады. Жеңімпаздар 31 мамыр күні Астанада өтетін республикалық «Таң Шолпан» байқауында Павлодар облысының атынан өнер көрсетеді.

Облыстық байқаудың жүлдегерлері қатарында екібастұздық «Үміт» балалар үйінің, Павлодар және Кенжекөлдегі отбасылық үлгідегі балалар қалашықтарының би ансамбльдері бар. Байқау қатысушыларына сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Перейти к новостям спорта