Көкшетауда Абай атындағы опера және балет театрының гастролі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда Абай атындағы опера және балет театрының гастролі өтеді

Көкшетауда Абай атындағы опера және балет театрының гастролі өтеді

11-17 мамыр аралығында Көкшетау қаласында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастролі өтеді, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің Баспасөз қызметінен.

  • 4 Мамыр 2012
  • 524
Фото - Caravan.kz

7 гастрольдік күн ішінде Көкшетаудың тұрғындары мен қонақтарының назарына 2 опера мен 3 балет спектаклі және 1 оперетта ұсынылады. Олар белгілі Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», Дж.Вердидің «Травиата» опералары, И.Штраустың «Жарқанат» опереттасы және А. Рыбниковтың «Юнона мен Авось», А. Аданның «Жизель», П. Чайковскийдің «Аққу көлі» балеттері.

Басты партияларда ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірігін қайраткерлері Жәмилә Баспақова, Болат Бөкенов, Бейімбет Қожабаев, Рымкеш Жұмәділова, Болат Жомартов және т.б.

Гастрольдің соңында театрдың репертуарындағы опера және балеттердің ең үздік сахналарынан құрылған гала-концерт өтеді.

Перейти к новостям спорта