Қоянды ауылын су басты, халық көтеріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоянды ауылын су басты, халық көтеріліп жатыр

Қоянды ауылын су басты, халық көтеріліп жатыр

Ашулы халыққ жолды жапқан.

  • 27 Наурыз
  • 109
видеодан скриншот / telegram.org/halyqstan

Халыққа бөлінетін қаражатты қалтаға басу осындай апаттарға әкеледі.

26 наурыз күні кешкі сағат 20:00 кезінде Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылының тұрғындары әкімдіктің маңындағы жолды жауып тастады. Тұрғындар қыс бойы ауыл ішіндегі қар тазаланбай, ол еріген соң, көшелерді су басып, жаяу адам түгілі, көліктердің жүруі қиындағанын айтып шағымданған, деп жазады Azattyq Ruhy. 

Ауыл халқының жолды жапқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіге тез тараған соң жергілікті билік те мәселеге бірден назар аударғандай болды. 

«Шамамен 150 мың текше метр қар шығарылды. Сондай-ақ Қоянды ауылында 9,5 мың метр арықтар мен каналдар, сондай-ақ 46 дана су өткізу құбырлары тазартылды. 35 мың м3 астам еріген су сорылды. Жолдарды жабу сияқты заңсыз әрекеттерге жол берілмейді. Заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанына назар аударыңыздар», — деп жазылған жергілікті билік өкілдері таратқан ақпаратта.

Белгілі болғандай Қоянды ауылы қыстың қамына былтыр қазан айында кіріскен. Бірінші рет тендер 8 миллион теңгеге жарияланып, жеңімпаз анықталған.  

Бұл кәсіпкер жолдарды қардан тазалап қана қоймай, «жолдарды  қардан тазартқаннан кейін, елді мекеннен тыс жерлерге шығарып, құжат бойынша қарды арнайы рұқсат етілген полигонға апару керек болған. 

Екінші рет тендер 6,2 миллион теңгеге жарияланып, жеңімпаз Тараздан анықталған.

Бұл жеке кәсіпкер де Қоянды ауылының жолдарын қардан тазалап, жиналған қарды арнайы полигонға төгу керек. 

Үшінші тендер құны 12,5 млн теңге, ол ақпан айында өткен.

Қоянды ауылының әкімдігі қар тазалау бойынша жүргізген үшінші тендері жуырда, яғни, 2024 жылдың 14 ақпанында аяқталған. Бұл тендердің сомасы көбірек демесек, техникалық құжаттамасының мәні алдыңғы екі тендермен бірдей. Жеңімпаз – «Астра Строй Кз» ЖШС. Иесі Жанат Инуар. 

Мемлекеттік сатып алу сайтында бұл жеңімпаздың байланыс нөмірлері жазылғандықтан, хабарласып, тендер бойынша қосымша мәлімет сұраған. Қазір Астана қаласында (Қоянды ауылы Астананың іргесінде, 21 шақырым қашықта) емес екендігін айтқан ол тендерді ұтып алғанын растады. 

«Қазір тендер бойынша құжаттар қолымда емес. Бірақ, Қоянды ауылының қарын тазалау бойынша менің ғана компаниям емес, басқа да компаниялар бар. Әрқайсысы өзінің аумағын тазалайды. Біз қарды шығардық. Әкімдік жұмысымызды қабылдады, акт құжаттары бар. Ертең қалада болғанда, ұсына аламын», — деді тілшінің сұрақтарына жауап берген Жанат Инуар.

Төртінші тендердің құны 26 млн теңге. Құжат қаралып жатыр.

Ал, енді қар еріп, ауылды су басқан уақытта, яғни, 2024 жылдың 20 наурызында Қоянды ауылының әкімдігі 26 млн теңгенің тендерін жариялап, құжат қабылдаған. 

Оның мақсаты да осы үш тендердің мәнімен бірдей – көктемде ауылды су баспау үшін Қояндының көшелерін қардан тазалап, қарды ауыл сыртына шығару. 

«Жолдар тазартылғаннан кейін қар көктемде еріген кезде су тасқыны қаупін болдырмау үшін міндетті түрде елді мекеннен тыс жерлерге шығару керек. Қоянды ауылының жақын маңдағы арнайы полигонының келісімшарты талап етіледі», — деп жазылған тендердің техникалық сипаттамасында.

Осы ретте тағы да қайталай кететін жайт, ортақ құны шамамен 50 млн теңгеге жуықтайтын төрт тендер жарияланғанына қарамастан, кеше тұрғындар ауылдан қар шығарылмағанын айтты. Ал, олардың наразылығынан кейін жергілікті билік, яғни, облыстық, аудандық төтенше жағдайлар қызметі, әкімдік ауыл ішінен 80 мың текше метр қар суын сорып берген.