"Шенеуніктер! Апатты аймақтарға барғанда сықиып костюм-шалбармен, қылқынып галстукпен жүргенді қойыңдаршы" - Сәуле Әбілдаханқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шенеуніктер! Апатты аймақтарға барғанда сықиып костюм-шалбармен, қылқынып галстукпен жүргенді қойыңдаршы" - Сәуле Әбілдаханқызы

"Шенеуніктер! Апатты аймақтарға барғанда сықиып костюм-шалбармен, қылқынып галстукпен жүргенді қойыңдаршы" - Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы апат болған аймақтарға костюм шалбармен баратын шенеуніктерді қатаң сынға алды.

  • 1 Сәуiр
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Шенеуніктер!!!

Осындай әртүрлі қиын жағдайлар орын алғанда, әсіресе апатты аймақтарға барғанда сықиып костюм-шалбармен, қылқынып галстукпен жүргенді қойыңдаршы А???!!!

Шенеуніктік киім этикетін кабинеттеріңде сақтай беріңдер. Ал халықтың ортасына, суға кеткен, өртке оранған т с.с. төтенше жағдай орын алған жерлерге барғанда, Құдай үшін, жағдайға, ситуацияға, халықтың көңіл-күйіне лайықты киінсеңдерші…

Сықиып барып, ыздиып тұрып, сыздиып сөйлеп, қайқайып қайтасыңдар, Сырдың суы сирақтарыңнан келмей… 30 жылдық жасанды стереотиптен жалығып, шаршаған жоқсыңдар ма? Қазақбайский чиновнический стереотипті қиратып, бұзып, лақтырсаңдаршы! Будьте проще! Батыс-батыс дейсіңдер, сол батыстың шенеуніктерінен үлгі алсаңдаршы. Олар қай жерде қалай киінуді, қай жерде қалай сөйлеуді, қай жерде қалай жүріп-тұруды, көкірек кермеуді, халықтың ортасында қарапайым болуды жақсы біледі. Сендер де сөйтіңдерші, қақимай, айналып қана кетейіндер-ау! Жүр ғой әне, жұрттың өздеріңдей баласы Зеленьский, — 2 жыл бойы соғыста 2 болотный цвет футболкамен… айналып қана кетейін…», — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.