Алматыда қазақстандықтарды Украинадағы соғысқа шақыратын жарнамалар тарады: Полиция тергеу бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қазақстандықтарды Украинадағы соғысқа шақыратын жарнамалар тарады: Полиция тергеу бастады

Алматыда қазақстандықтарды Украинадағы соғысқа шақыратын жарнамалар тарады: Полиция тергеу бастады

Алматыда Розыбакиев көшесінде орналасқан “Mega” сауда орталығында жастарды соғысқа шақыратын жарнамалар пайда болған.

  • 2 Сәуiр
  • 23
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыдағы сауда орталығында Легион “Свобода России” ұйымының плакаты пайда болып, онда сарбаздарды жинау басталғаны айтылған.

“Үйіңе жеңімпаз болып орал. Легион “Свобода России” рекруттардың жаңа жиынын ашады”, – делінген жарнамада.

Полиция мән-жайды анықтап жатқанын мәлімдеді. 

«Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Мән-жай анықталады», – деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

“Свобода России” – Украина жағында соғысатын ресейліктердің тәуелсіз әскери бөлімі. Ұйымды Киев қаржыландырады деген ақпарат бар

Елімізде шетелдегі соғыстарға қатысқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 172-бабы “Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу” бойынша бұл үшін 5 жылдан 9 жылға дейін жаза көзделген.