"Заңсыздыққа жол берілгенін көріп отырмыз": Ләйлә Сұлтанқызы Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Заңсыздыққа жол берілгенін көріп отырмыз": Ләйлә Сұлтанқызы Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді

"Заңсыздыққа жол берілгенін көріп отырмыз": Ләйлә Сұлтанқызы Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді

Танымал журналист, қоғам белсендісі Ләйлә Сұлтанқызы атышулы Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдіріп, сот процесінің созылып кеткенін айтты.

  • 3 Сәуiр
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Жүйкемізді тоздырды…

Кешегі сотты көрмеген, “Құдай сақтасын” деп жағасын ұстамаған, өзара талқыламаған саналы ересек адам қалмаған шығар бұл елде… Ішкен-жегеніңді асқазан 3-4 сағатта қорытса, ал бұл істі миымыз сағаттап тұрмақ, күндеп, апталап, айлап қабылдай да , түсінбей де, “қорыта” да алмай келе жатыр.

Пачақ-пачағын шығарып, толып тұрған дәлелмен екі отырыста-ақ қылмыскер қатаң жазасын алып, сотталатынына сенгендер қатарында мен де бар едім. 4 айдан асты, біз небір сорақылық, небір
заңсыздыққа жол берілгенін (Заңгер емеспін, жеке ойым) көріп отырмыз. Алла сабыр бере көр.

Қылмыскер біз ойлағандай жазасын алмайтын болса, міне сол кезде жүйкеміз қатты сыр беріп, бар жанайқайымыз шығатын сияқты…
Байқайсыздар ма, заң бойынша салқынқандылық, бейтараптық танытып, соттың әділ, соңғы шешімді күтудің өзі қиынға соғып барады…

Қыз тағдыры — ойыншық емес!», — деп жазды журналист.

Желі қолданушылары да журналистің бұл ойымен толық келісетінін жазуда.

«Сотты сатып алған сияқты, судьяның түрі жаман», «Қазақстанның суы біткенше сот шешім шығармайды. Бұл халықтың назарын бұру үшін жасап отырған спектакль», «Дұрыс айтасыз, Ләйлә ханым. Еліміздегі соттың сорақылығы бір бұл емес, бізде әділ сот жоқ», «Не масқара, қыздың жақындарына Алла сабыр берсін», «Заңның әлсіз екенін тағы бір дәлелдеді», — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызының әлеуметтік желідегі оқырмандары.