Бишімбаев ісі: Қинап кісі өлтіруді ақтау мүмкін емес - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаев ісі: Қинап кісі өлтіруді ақтау мүмкін емес

Бишімбаев ісі: Қинап кісі өлтіруді ақтау мүмкін емес

Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан Бишімбаевтың сот процессіне өз ойларын ашық білдіріп жатқан қоғам белсенділері түбінде әділеттілікті іздеп жүр. Көзі ашық, көкірегі ояу әр бір азамат айыпталушы мен оның қорғаушыларының позициясын түсініп отыр. Себебі бұл бір әртістің театрына айналды.

  • 4 Сәуiр
  • 61
Фото: видеодан алынған

Әлеуметтік желіде жиналған пікірлерге Caravan.kz медиа порталы шолу жасады.

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек шулы оқиғалардан тыс қалмайды. Әрқашан пікірін ашық жазып, халықтың санасын оятуға тырысады. Бұл жолы да әйелін аса қатігездікпен өлтірген Қуандық Бишімбаевтың соты туралы ойын жазыпты. 

«Сол баяғы МВД-ның сценарий….

“Салтанат өз аяғымен тайып құлап өлді” деп айтады деп күтіп отыр едім. Дәл солай болды.
Бұл полицияның үнемі қолданатын сценарийі. Неке түні қайтыс болған қыз аяғы тайып құлап ваннаға басын соққан еді, ал Салтанатты бұл жолы туалетте құлатыпты.

Байлар адам өлтірсе, сот пен тергеу осылай әрбір деталь ашық айтылып ұзаққа созылады.
Қарапайым адам өлтірсе, ештеңенің анық қанығына бармай соттай салады.

Бишімбаевтың соты ашық өткендігі дұрыс болды, халықтың құқықтық сауатын ашатын болды!

Біздің іріп-шіріп кеткен жүйеде өзіңді қорғау үшін неге дайын болу керек екенін ел көру керек осылай!

Біздің елде судьялар өздерін құдайдай санайды!

Егер адамның артында іздеушісі жоқ болса, сол адамның тағдырын ойрандай салады. Негізі соттарды осылай ашық қоғам талқысымен өткізетін уақыт келді.

Ақшасы, білімі бар Нүкеновалардың өздері әділдікке қалай жетіп отырғанын көріп отырсыздар!Ал енді ақшасы жоқ қаншама қыздар осылай аяқтары тайып құлап, немесе өзі асылып өліп қалды деген сценарийімен қылмыстық істер жабылып кетіп жатқанын ойлай беріңіздер! Полицияның кесірінде қаншама маньяк бостандықта жүр. Қаншама зорланған, өлген қыздардың ісін көтеремін деп қудаланып, қысымға ұшырадым. 

Біздің кейбір пагон таққан құзырлылар қыз зорлағыш маньяктарды қолдайды!

Ал көріңдер, біздің елде әділдік үшін күресу оңай ма екен?

Белгілі тележүргізуші, продюссер Мая Бекбаева да оқиғаға қатысты ойын видео арқылы білдірді.  Болып жатқан сот отырысын бір адамның театрына теңеді.

«Бұндай бір адамның театрын Қазақстан алғаш рет тамашалап отыр. Кешегі сот отырысын кейінге қалдыруды не үшін сұрағанын айтпаса да белгілі. Марқұм Салтанат Нүкенованы әбден қаралап, оны тек теріс жағынан айыптаған әр бір сөзі халықтың санасына, миына сіңсін дегені. Манипулятордың хас шебері. Оның бұл сотта мүмкіндігі бар сияқты. Неге десеңіздер, ол халықтың осал тұсын біліп, жанды жеріне тиісіп жатыр. Біздің қоғамның онсыз да әйелдерге деген көз-қарасы оң емес, әйелдерді кінәлап үйреніп қалғанбыз. Сондықтан ол осындай тактика қолданып отыр. 

Менің ойымша, бұл ең жоғары деңгейдегі цинизмді көрсету, халықтың санасында төңкеріс жасау. Алқабилердің әділ шешіміне сенемін», — деді Мая Бекбаева. 

Белгілі журналист Тимур Балымбетов сот басталғалы пікірімен бөлісіп келеді. Сондай-ақ ол тұрмыс құрмаған қыздарға ер жігітпен жүріп жүргенде барлық сұрақтардың басын ашып алуға кеңес берді. Ең алдымен көзіне қарап, адамның қандай екенін көруге болатынын айтты. Егер туындаған мәселені шешу кезінде көзінен ашуды көрсеңіз, бірден қашыңыз деді.  

«Қоғамда өмір сүргесін әрине, оның нормаларына бейімделеміз. Алайда, қоғамымыз сауатсыз болса, біз де ойланбай осы дертті әрі қарай таратушыға, қолдаушыға айналамыз. Қинап кісі өлтіруді ақтау мүмкін емес, ойланайық, алданбайық», — деп жазды ол.