Салтанат Нүкенованың қандай жарақаттардан қайтыс болғаны оқылды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.71
  • 529.97
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салтанат Нүкенованың қандай жарақаттардан қайтыс болғаны оқылды

Салтанат Нүкенованың қандай жарақаттардан қайтыс болғаны оқылды

Өз әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың сот алдында жауап беруі жалғасып жатыр.

  • 4 Сәуiр
  • 485
Фото: видеодан алынған

Бүгінгі сот отырысы Салтанат Нүкенованың телефонын тексеруден басталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Мемлекеттік айыптаушы марқұм Нүкеноваға 8-9 қараша күндері кім хабарласқанын, оған кімнің жазғанын оқып берді. Одан бөлек, галереядағы фотосуреттер мен экран жазбалары да айтылды. Алайда ол жеке өміріне қатысты болғандықтан, көпшілікке көрсетуге Бишімбаевтың адвокаттарынан басқалары қарсылық білдірді. Судья қолдады. 

Артынша жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова айыптау актісінен сот медициналық экспертизасының нәтижесін оқыды.

Сараптамада Нүкенова жабық бас-ми жарақатын алғаны, бұл жарақаттан маңдай-желке-шүйде аймағында субдуралдық қанды ісік болып, мишығы зақымданғаны жазылған. 

Салдарынан орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, жүрегі мен тыныс алуы тоқтаған. Бұл өлімге себеп болған. Мәйіттік құбылыстардың ауырлығына қарай, өлім ұзақтығы бір тәуліктен аз уақыт бұрын болған», — деп оқыды адвокат.

Сараптама 2023 жылдың 10 қарашасында өткізілді. Мәйітке сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде мынадай дене жарақаттары анықталды:

— жабық бас-ми жарақаты;

— беттің, сол жақ құлақтың, сол жақ постурикулярлық аймақтың көптеген сыдырылуы мен көгеруі;

— мұрын сүйегінің сынуы;

— иек тұсының көгеруі, сыдырылуы мен көптеген көгерген жарақаттар;

— беттің жұмсақ тіндеріндегі, мұрын аймағына және жоғарғы жаққа, иек аймағына қан құйылу.

— бастың жұмсақ тіндерінде, оң және сол жақта фронтопариетальды аймақта қан кету;

— жедел субдуральды гематома (мидың ұзақ материялық қабатының астынан қан кету).

Есірткі және психотроптық заттар анықталған жоқ. Марқұмның зәрінен кокаин, мефедрон, морфин, тетрагидроканиболды анықтауға арналған сынама да теріс нәтиже берді.

Сараптамада Нүкенованың дене жарақатын алғаннан кейін қозғалып, қарсылық көрсетуі мүмкін еместігі айтылған. 

Ал Бишімбаев Нүкенова өзі еденге құлап, жарақат алды деген жауабынан бас тартпай отыр.