Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл жаңалығымен әнші өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
«Ғашығым дейін десем жігітім емес — күйеуім. Махаббатым дейін десем, үйлегенімізге 2-3 жыл емес, 28 жыл болып қалыпты. Жас жұбайлар дейін десем, жас емеспіз. Кемпір мен шал дейін десем оған әлі ерте. Отағасы, анау-мынау десем, жасандылық болып кететін сияқты. Замандастар, біз сияқтыларды қалай әсемдеп айтса болады?», — деп жазды ол.
Көпшілік әншінің бұл сөзіне риза болған. Олар: «Иә, отағасыыыы деп сызылып отыра алмайды екенбіз, солай айтатындарға таң қаламын», «Шалым, қара шалым дей беріңіз, біз сияқтығыларға жарасады», «Жігітім дей беріңізші, жас көрінесіздер ғой» деп жазды олар.